Алматыда жөндеуге байланысты Сейфуллин даңғылының учаскелері біраз уақытқа жабылады

Фото: Zakon.kz
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сейфуллин даңғылы учаскелерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

1 УЧАСКЕ: 24 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін Тобаяқов көшесінен Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына дейін көлік қозғалысы жабылады. Айналма жол Радищев, Тобаяқов және Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.

2 УЧАСКЕ: 25 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін қозғалыс Ақпаев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін жабылады. Айналма жол Ақпаев пен Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz айтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде бар.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты