Жамбыл облысында тұрғыннан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңге.

"Қарасора – 2024" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы – Қарағанды автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты.

Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталды. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеге жуық. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді