Ақтөбеде стробоскоп шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды

Фото: polisia.kz
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында өз көлігіне стробоскоп шамын орнатқан жүргізуші анықталды.

Стробоскоп шамдарын өздігінен орнату жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

"Стробоскоп шамдары бар көлік құралдарын басқару Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.Тыйым салатын сигналдық және дыбыстық құрылғысы заңды тәркіленіп, жеке тұлғалар үшін 15 АЕК және одан жоғары және ірі кәсіпорындар үшін 2000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", – деп атап өтті патрульдік полиция батальонының командирі Аслан Есентаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде