Депутат онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды

Фото: pexels
Мәжіліс депутаттары онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі интернет алаяқтары тыйылар емес.

Магеррам Магеррамовтың сөзінше, бізде кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету ақсап тұр.

Әрі отандастарымыздың жеке деректері қалай тарап кеткенін құқық органдары әлі күнге анықтай алмай отыр. Ал алаяқтардың үстінен қозғалған 85 істің 45-і тоқтаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Күдікті ретінде есепке алынған 218 адам шетелде жүр. Мәжілісмендер алданып қалған азаматтардың саны күн санап артып келе жатқанына алаңдап отыр.

"Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады. Жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарын жылдар бойы төлеп жүр. Сондықтан электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек." Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін