Астана полицейлері құрылыс материалдарын ұрлаған күдіктіні анықтады

Фото: polisia.kz
Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 200 мың теңгенің құрылыс материалдарын ұрлады деген күдікке ілінген азаматты анықтады.

Полицияға қылмыс туралы арыз 42 жастағы азаматтан келіп түсті. Жәбірленуші қала аумағында үй салмақшы болған.

Құрылыс үшін ол материалдарды сатып алып, оларды құрылыс алаңында сақтауға қалдырған. Алайда қаскүнем құлыпты бұзып, мүлікті ұрлап кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Іздеу барысында бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар, сатып алушылар, құрылыс базарлары тексеріліп, бейнекамералардың жазбалары зерттелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер 25 жастағы жігітті ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік