Алматыда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Сүйінбай даңғылы бойындағы Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейінгі аралықтағы құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қайта жөнделген бөліктің ұзындығы 644,5 метр. Ауыстырылған құбыр 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 3 көпқабатты тұрғын үй мен 1 жеке үйді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылуда. Алматының 6 ауданында жылытуаралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Жылу желілерін қайта құру жүргізілген аумақтарды абаттандыру ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервисінде жарияланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео