Шымкентте алты мың шетел азаматы көші-қон заңын бұзған

Шымкентте қала аумағында заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр. Олардың барлығы миграциялық заңнаманы бұзған Өзбекстан азаматтары.

Олар Қазақстан аумағында тіркеуге тұрмастан нәпақа тауып жүрген. Заң бойынша келімсектер елдеріне депортацияланады немесе 70 мың мен 90 мың теңгенің арасында айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Жалпы жыл басынан бері қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 6 мыңнан астам шетел азаматы анықталған. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар. Олардың 117-сі қамауға алынса, тағы 614 азамат ел аумағынан аластатылды. Сондай-ақ келімсектерге қолдау білдірген ел азаматтары да жауапқа тартылған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 207 Қазақстан азаматы және шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 1 мың 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келген шетелдіктердің мәртебесін рәсімдемегені үшін." Жәнібек Мырзалиев, қалалық Полиция департаменті, Көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: