Алматыда "Жасыл ел" еңбек жасақтарының жабылу салтанаты өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Жасыл ел" жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Биылғы маусымның қорытындысы бойынша 2100 жас уақытша жұмыспен қамтылып, қала аумағында әртүрлі экологиялық шараларға қатысты.

Жоба Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асты.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы өтуде. Осы акция аясында "Жасыл ел 2024" еңбек жасақтары өз жұмысын абыроймен атқарды деп айта аламыз. Жоба аясында Алматы қаласының ЖОО мен колледждерінің 2100 студентін уақытша жұмыспен қамтыдық. Келесі жылы бұдан да көп жастарды жұмыспен қамтимыз деген ойдамыз. Айта кетейін, Алматы жастары жыл бойы қаламызды көркейтуге бағытталған түрлі эко шараларға қатысады және жыл сайын олардың саны өсіп келеді", — деді өз сөзінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

"Жасыл ел" жасақтары 3 ай бойы Алматының барлық аудандарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар көшелер мен саябақтарды тазалап, ағаштар отырғызып, табиғатты қорғау шараларына белсене араласты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек қала табиғатын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жас буынның экологиялық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шара барысында маусымда үздік деп танылған 20 студентке Smart теледидарлар мен электр самокаттар сыйға тартылды.

Салтанатты жиын эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі