Жетісу полициясы есірткі таратушыны ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Қыркүйек айының соңында Іле ауданы Боралдай ауылының 29 жастағы тұрғыны "Telegram" арнасы арқылы есірткіні заңсыз өткізуге қатысты жұмыс туралы ұсыныс алған.

Ол "@" бүркеншік атымен белгісіз қолданушымен хат алмасып, оңай әрі жылдам табыс табуға уәде еткен қылмыстық схеманың қатысушысы ретінде тартылған.

Жетекшісінің нұсқауларына сүйене отырып, ол Талдықорған қаласына барып, онда мұқият оралған есірткі партиясын алған.

Кейін ол Текелі қаласына аттанып, есірткіні әртүрлі орындарға жасырын түрде орналастырған. Жасырылған заттардың орындарын мессенджер арқылы жетекшісіне жіберіп отырған.

Алайда оның бұл заңсыз әрекеттері жұрт назарынан тыс қалмады. Жергілікті тұрғындардың бірі ер адамның күдікті мінез-құлқын байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Тез арада жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, одан есірткі бар буманы тәркіледі.

Тергеу барысында басқа да жасырылған есірткі заттары табылып, сот сараптамасы арқылы олардың жалпы салмағы 0,55 грамм болатын психотропты пирролидиновалерофенон (a-PVP) екені анықталды.

Жетісу полициясы егер сіз мұндай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат білсеңіз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұрайды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды