Қазақстанның 6 қаласында АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде есірткінің ірі партиясын алушылар ұсталды

Фото: pexels
Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде есірткінің ірі партиясын әкелу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар ("марихуана" және "каннабис сығындысы") АҚШ-тан келген пошта жөнелтілімдерін ел аумағында өткізу мақсатында алған азаматтар ұсталды.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы)тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасын үйлестірумен жүргізілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жыл басынан бері Агенттікпен есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткітәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг.

Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар тәркіленді (пирролидин – 974 гр., тетрагидроканнабинол — 780,3 гр., метамфетамин-1,26 гр.), анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және "Тропикамид" көз тамшылары-1 680 дана.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты