Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі.
Алматыда 17 қазанда түнде тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде 1-6 градус үсік сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік болады.
Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.