Ақмола облысы прокуратурасымен кәсіпкерге көмек көрсетілді

Фото: freepik
Қала прокуратурасы Қосшы қаласының аумағында жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлермен тұрақты негізде кездесулер өткізеді.

Мәселен, "Gardens" ЖШС (бұдан әрі — ЖШС) Қосшы қаласының аумағында қағаз картон өндіретін цех пен өсімдік дақылдары питомнигінің құрылысын жүзеге асырады. Инвестиция көлемі 200 млн теңгені құрайды, 20 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бір жыл ішінде ЖШС орталық инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау) қосуға техникалық шарттарды ала алмады.

Бұған дейін ЖШС қаланың ТКШ бөліміне және коммуналдық қызметтерге жүгінген.

Қала прокуратурасымен 12.09.2024 жылы кәсіпкердің және қаланың жергілікті атқарушы органы басшылығының қатысуымен орталық инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар алу үшін проблемалық мәселелерді талқылау бойынша отырыс өткізді, сондай-ақ құрылыс объектісіне шығу жүзеге асырылды.

Егжей-тегжейлі талқылау нәтижесінде ЖШС-ге техникалық шарттар беру мүмкіндігі анықталды және бүгінгі күні кәсіпкер барлық қажетті рұқсат құжаттарын алды.

Осылайша, қала прокуратурасының алаңында проблемалық мәселелер шешіліп, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.

Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) мәселелі сұрақтар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі +77051291140).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды