Бүгін міне, Шымкент қаласының жаңа қала аумағы саналатын "Бозарық" шағын ауданынан мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үйге қол жеткізді.
"Қызымның шиеттей баламен пәтерден пәтерге көшіп жүргені жаныма қатты бататын. Бүгін әулиетіміздегі бақытты сәтте қызымның жанында болып, қуанышын бөлісуге келдім. Кезегімізді сабырмен күттік, барлығы да әділ, өз уақытында берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында үй алуға себепші болған "Отбасы банкке" де ризашылығымызды білдіреміз", - деп қуанышын бөлісті Венераның анасы.
Бұл бүгін Шымкент қаласындағы "Бозарық" шағын ауданынан баспана кілтін алған тұрғынның бірі. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Республика күні мерекесінің қарсаңында 304 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Пайдалануға берілген баспаналарды тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар Отбасы банк арқылы "2-10-20", "5-10-20" мемлекеттік бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген. Жаңа қоныстанушылар арасында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұрғындар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Пайдалануға берілген 304 пәтерлік 8 көпқабатты тұрғын үйге конкурс жүргізіліп, қазіргі таңда азаматтармен сатып алу сату келісім шарты жасалуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама аясында "Отбасы банк" АҚ арқылы 400 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйге конкурс өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен салынған үйлер таза әрлеуде, шаршы метрі 221 330 теңгеден сатылды. Қала басшысы пәтер иелерін қуанышты күндерімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталып жатқанын атап өтті.
Жергілікті бюджет есебінен 311 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізіп отыр. Шаһар басшысы жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам пәтер беру жоспарланып жатқанын еске салды.
Ал, "Отбасы банк" АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев барша қоныс той иелерін құттықтады.
"Әрбір жан үшін маңызды болып табылатын баспана алудың қуанышы ерекше екенін білеміз. "Үйі жоқтың күйі жоқ" деген сөзді баспана тауқыметін сезінген әрбір жан түсінетіні сөзсіз. Бүгін қол жеткізіп отырған пәтерлеріңізде балалардың күлкісі жиі естіліп, іші жылулық пен жайлылыққа толы болуына тілектеспін. Жыл басынан бері Отбасы банк "2-10-20" бағдарламасымен 2 500-ге жуық, "5-10-20" бағдарламасы аясында 3 247 қазақстандықтың баспана алуына көмектесті. Біз де сіздердің жүздеріңізге күлкі сыйлағанымыз үшін қуанамыз. Отбасыларыңызда тек жақсылық болсын", - деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев өз сөзінде.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі 2 пайыздан аспайтын (ЖТСМ 2%-дан бастап 2,1% дейін) әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағдарламасы табысы төмен отбасыларға арналған. Бұл санаттағы азаматтар жергілікті атқарушы органдар тарапынан салынған бастапқы нарықтағы тұрғын үйді 10 пайыз алғашқы жарнасын құйып, 20 жылға дейін несиемен сатып ала алады. Тағы бір жеңілдігі, аталған санаттағы азаматтар 10 пайыздық жарнаға тұрғын үй сертификатын пайдалана алады. Міне, бүгін қоныс тойын тойлаушылардың қатарында мемлекеттің осындай үлкен қолдауына ие болып, жеңілдіктерді пайдаланған азаматтар да бар.
Сурет: Отбасы банктің баспасөз қызметі
Атап өтейік, Шымкент қаласында жыл басынан бері жылжымайтын мүлік алу мақсатымен "Отбасы банктен" тағы 27 000-нан астам өңір азаматы жаңа депозит ашты. Бұл еліміз бойынша аймақтардағы ең жоғары көрсеткіш. Яғни Шымкент халқы қаражат үнемдеп, оны тұрғын үй жағдайларын жақсарту жолында жинаудан жоғары белсенділік танытып отыр.