Павлодарда есірткімен заңсыз айналысқан жасөспірім ұсталды

Фото: Zakon.kz
Мамыр айында 16 жастағы бозбала заңсыз табыс табу мақсатында есірткі саудасына араласуға бел буғаны белгілі болды.

"Кураторының" нұсқауы бойынша жасөспірім жасырын жерден 223 грамм синтетикалық есірткіні алып, оны кішірек пакеттерге орап, сату үшін дайындаған. Ол есірткі сатудан түскен ақшаны банктік шот арқылы қабылдауды жоспарлаған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті өз әрекетін толығымен мойындап, бұған ақшалай қажеттілік итермелегенін айтқан. Оған қатысты есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жасөспірім қамауға алынды, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі саудасына қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жалғастыруда.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?