Астанада ер адамнан есірткі салынған 562 пластик құты тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Астанада ер адамнан есірткі заты салынған 562 дана пластик құты тәркіленді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті есірткі сатушының заңсыз қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу шеңберінде тәртіп сақшылары елордаға "каннабис майы" есірткі затын жасырын тарату мақсатымен келген 24 жастағы азаматты ұстады.

Жігітті ұстаған кезде тінту барысында киімінің сол жақ қалтасынан салмағы 21 грамм болатын "каннабис майы" есірткі заты бар 10 пластикалық құты табылды.

Әрі қарай тергеу әрекеттері барысында пәтерді тінту нәтижесінде ас үйдегі сөреден полиэтилен пакеті тәркіленді, оның ішінде салмағы 270 грамм "каннабис майы" есірткі заты бар 552 дана пластик құты болды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 300 грамм.

Ер адамға қала аумағында есірткіні тарату бойынша "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы "жұмыс" ұсынылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция азаматтарға есірткі заттарымен байланысты жасалған кез-келген іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі