Түркістан облысының тұрғыны 200 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны "О" деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия (203 млн теңге) алған.

"Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген." Түркістан облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген.

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды