Бектенов 2030 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 30 қазанда Мәжілісте Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекетнов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу аяқталып жатқанын атап өтті.

"Ұлттық жоба болашақта 2029-2030 жылдарға дейін шамамен 10 триллион теңге инвестициялауды көздейді", — деді министрлер кабинетінің басшысы.

Оның айтуынша, бұл жоба инженерлік инфрақұрылымға елеулі жаңарту әкеледі, сонымен қатар отандық бизнес үшін үлкен резервтер ашады. Өйткені ұлттық жобада барлық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді отандық кәсіпкерлерден алу шарты көрсетілген.

2024 жылғы 30 қазанда Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарына Қазақстан экономикасын дамыту жоспарлары туралы айтты.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео