Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,13 теңгеге төмендеп, 488,26 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 488,3-490,1 теңгеге, еуро 529,5-533,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 31 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,26%-ға арзандап, барреліне $71,97 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,25%-ға төмендеп, барреліне 68,44 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 488,45 теңге, еуроны 529,19 теңге, рубльді 5,04 теңге деп белгіледі.