Тоқаев жаңа шетелдік елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақорда" резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті