Жұмыс істемейтін қызметкерлерге сыйақы мен жалақы: Астанада мектеп директоры қызметінен айырылды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 6 қарашада Астана прокуратурасы мәлімдеді.

"Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған. Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Кінәлі тұлғамен материалдық залалды толық көлемде өтелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Өскеменде әділет майоры мен лейтенанттың 5,8 млн теңге қаражатты жымқырғаны белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі