Қазақстанда іздеуде жүрген 2 мыңнан астам күдікті ақпараттық технологиялардың нәтижесінде табылды

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының қаржы департаментінің бастығы Ілияс Испановтың прокуратура органдарында ақпараттық жүйелерді дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ілияс Испановтың сөзінше, Бас прокуратура ақпараттық жүйелерді басқа мемлекеттік органдар сияқты дамытып келеді.

"Ең бастысы қадағалау өндірісін бір қалыпқа келтіріп, оны әрі қарай дамытып, прокурорлардың күнделікті жұмысына ақпараттық технологияларды қолдану үшін біршама жаңа бағдарламаларды іске қостық".  ҚР қаржы департаментінің бастығы Ілияс Испанов

Бұл бағдарлама бойынша прокурордың әр қадағалау бағыты автоматтандырылады, соның арқасында жүйені дұрыстап, бақылауды күшейту мәселесі қолға алынған. Мысалы, іздеу салу мәселесі алты бағыттан тұрады.

"Бұл бағыттарды автоматтандырудың арқасында, оны топтастырып, бір кешенге жинау - біз үшін үлкен жетістік. Соның арқасында бүгінгі таңдағы қолданылып жатқан мемлекеттік органдардың базасынан іздеуде жүрген азаматтар туралы мәліметтерді алынып және ақылды қалалар, полиция департаментінің жүйелеріне интеграция жасап, іздеуде жүрген азаматтардың суреті арқылы қалада, ауылда орналасқан бейнекамералар арқылы тауып беру мәселесі қолға алынды". Ілияс Испанов

Ведомство өкілінің айтуынша, осының арқасында республика бойынша іздеуде жүрген 2 мыңнан астам адам табылып, тиісті шара қолданылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады