Қазақстанда шығарылған стейблкоиндермен қандай төлемдер жасауға болады

Биткоины, биткоин, криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 16:11 Фото: pexels
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында цифрлық активтер саласындағы лицензияланған провайдерлердің функцияларын кеңейту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, нарықта цифрлық активтерді шығару, сату, айырбастау және сақтау, сондай-ақ есеп айырысу қызметтерін көрсететін толық циклді компаниялар пайда болады. Мұндай операцияларға банктер, брокерлер және басқа да дәстүрлі қаржы ұйымдары тартылады.

"Қазақстанда шығарылған стейблкоиндер тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, экспорттық-импорттық операциялар және трансшекаралық ақша аударымдары үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл есеп айырысуды жеделдетіп, бизнестің шығындарын азайтады. Сондай-ақ жаңа бағдарламаланатын сервистерді енгізу үшін DeFi бизнес-модельдеріне талдау жасалып, оның жылдамдық пен смарт-тетіктер секілді үздік артықшылықтарын бейімдеу көзделеді", – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, майнинг үшін жалпы энергия жүйесіне қосымша салмақ түсірмейтін, пайдаланылмай жатқан, автономды және жаңартылатын энергия көздерін қолдану ұсынылып отыр.


"Қазақстандық провайдерлер арқылы жүргізілген операциялардан жеке тұлғалар алған табысты 2026-2028 жылдары жеке табыс салығынан босатуды қамтитын арнайы салық режимін енгізу көзделген. Сонымен қатар Ұлттық банк жанынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитетін құру жоспарланып отыр. Ол саясат әзірлеу, лицензиялау, қадағалау, талдау және инновациялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын бір жерге шоғырландырады", – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін қазақстандықтардың криптоактивтермен жалпы сомасы 21,5 млрд теңгені құрайтын мәмілелер жасағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: