Қазақстан нарығына төртінші ұялы байланыс операторының келуіне не кедергі
Фото: pexels
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері 2026 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметте өткен брифингте Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторының пайда болу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министр Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, бұл бағытта белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Министрлік ретінде шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына келуіне барынша қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді ол.
Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков қазір елімізде төртінші ұялы байланыс операторының пайда болуына белгілі бір шектеулер кедергі келтіріп отырғанын айтты.
"Ұялы байланыс нарығына тоқталсақ, бүгінде елімізде үш оператор жұмыс істейді. Көршілес мемлекеттерде олардың саны екіден төртке дейін жетеді. Tele2 компаниясын катарлық инвестор сатып алғаннан кейін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Соған сәйкес, біз осы жылдың соңына дейін 5G лицензияларын бере алмаймыз және жаңа ұялы байланыс операторларын құра алмаймыз. Сондықтан әзірге бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ", – деді Дамир Сейсембеков.
Сонымен қатар комитет төрағасы Қазақстан шетелдік байланыс операторларын тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Біздің ойымызша, бүгінде азаматтарда таңдау бар. Үш ұялы байланыс операторы нарықта белсенді бәсекелесіп жатыр. Қазір төртінші оператор пайда бола ма, жоқ па деп айту дұрыс емес. Өйткені бізде белгілі бір шектеулер бар", – деді спикер.
ҰҚК мен байланыс операторлары арасындағы келісім туралы осы материалдан оқи аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript