Отбасы банк Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 16:50 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай 2026 жылғы 15 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосу жұмыстары қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жансұлтан Матайдың айтуынша, қазір банк тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бізге тиісті лицензия алу қажет. Соның негізінде бірінші кезекте жеке және заңды тұлғаларға ағымдағы шоттар ашып, пайызсыз исламдық депозиттерді тарта аламыз. Толыққанды жұмыс істеу және исламдық ипотека беру үшін Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, болашақта мұндай ипотеканы ұсынуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістерді пысықтауымыз қажет. Қазір исламдық қаржыландыру терезесін ашу үшін алдымен лицензия алуға қатысты корпоративтік шешімдер қабылданып жатыр", – деді ол.

Сонымен қатар Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады. Ол алдағы уақытта банктің осы бағыттағы жұмыс саясатын айқындайды.

Жансұлтан Матай исламдық ипотеканың нақты қашан іске қосылатынын айтуға әлі ерте екенін жеткізді.

"Әзірге нақты мерзім туралы айтуға ерте. Лицензия алғаннан кейін қосымша мерзімдер белгілі болады", – деді спикер.

Бұған дейін Жансұлтан Матай әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасының талаптары қатаңдатылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: