Ел тұрғындары 300 мыңнан астам жарамсыз газ баллондарын пайдаланады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда газ баллондарының жарылу жағдайлары жиілеп кетті. ТЖ министрлігінің бағалауы бойынша елімізде 300 мыңнан астам газбаллон пайдалануға жарамсыз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 12 қарашада өткен Үкімет отырысында ТЖ Министрі Шыңғыс Әріновтан газ баллондарының жарылуын болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

"Біздің есептеуімізше, өткен ғасырдың 70-80 жылдарында шығарылған 300 мыңнан астам жарамсыз газ баллондары бар. Олар өте қауіпті. Баллондарды композиттік материалдардан жасауды қолға алу керек. Егер сіз тапсырма берсеңіз, біз ведомстволық топ құрып, жұмыс істейміз", — деді Шыңғыс Әрінов.

Ол композиттік материалдардан газ баллондарын өндіру әлемдік тәжірибе екенін атап өтті. Мұндай баллондар қауіпсіз. Өндіргеннен кейін тұрғындардан ескі баллондарды алып, кәдеге жарату іске асырылады.

Бұған дейін Павлодарлық құтқарушылардың газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды