Қостанайда сот жеке сот орындаушысынан 50 миллион теңге өндіріп алды

Фото: Zakon.kz
Қостанайда сот жеке сот орындаушысынан 50 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Қостанай облыстық соты бүгін, 2024 жылғы 15 қарашада мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық сотының мәліметінше, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкер жеке сот орындаушысының шотына 46 млн. теңге мөлшерінде аударым жасайды.

"Ағымдағы жылдың мамыр айында атқарушылық құжаттың толық орындалуына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды. Алайда, осы уақытқа дейін жеке сот орындаушысы жоғарыда аталған соманы өндіріп алушыға жібермеген",- деп түсіндірді сот.

Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сүйене отырып, заңнамада немесе мәміледе белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның есебінен сатып алған немесе сақтаған (негізсіз байытылған) тұлға (сатып алушы) негізсіз сатып алынған немесе жинақталған мүлікті соңғысына қайтаруға міндетті екені айтылды.

"Сонымен қатар, сотқа техникалық себептер бойынша ЖСО өндіріп алушыға қаражат бере алмайтындығы туралы ешқандай дәлел келтірілген жоқ. Осылайша, жауапкер талапкердің талаптарын жоққа шығаратын дәлелдемелер бермеді және 46 млн.теңге сомасын өндіріп алу туралы талап қанағаттандырылуға жатады".Қостанай облыстық соты

Баяндалғанның негізінде сот талапкердің пайдасына жеке сот орындаушысынан негізсіз байыту сомасы 46 млн.теңге және тұрақсыздық айыбы 4 млн. теңге өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы