Екібастұздық еріктілер бір апта бұрын жоғалған ер адамды іздестіріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Екібастұздық еріктілер бір аптадан астам табылмай жатқан ер адамды іздестіріп жатыр. Ол Солнечный кентінде жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының VITA ерікті-іздестіру жасағының мәліметінше, 7 қараша күні Виктор Кукуречко М. Әуезов көшесі, 14 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып, үйіне қайта оралмады. 

"Екібастұздық еріктілер құқық қорғау органдарымен және басқа да волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп, іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Солнечный кентінің маңындағы аймақ пен қасында орналасқан ғимараттардың бейне камералары тексеріліп жатыр", - деді еріктілер. 

71 жастағы Виктор Кукуречконың бойы 170-175 сантиметр, арық денелі. Оның шашы ақшыл, көзі қоңыр. Қолында "русалканың" татуировкасы бар. Үстінде қара түсті күртеше болған. 

Еріктелер Викторды көрген немесе оның орналасқан жерін білген адамдарды келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі Самал және  +7 (747) 615 55 63 Катерина.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс