Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында өткен аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 270 шетелдік азамат анықталды. Тексеру нәтижесінде олардың 14-і Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау.

Еліміздің аумағында болуды жоспарлаған шетелдіктер белгіленген ережелерді қатаң сақтауы қажет, – деп мәлімдеді облыстық көші-қон қызметі басқармасының өкілдері.

Депортацияның негізгі себептері – заңсыз еңбек қызметімен айналысу, елде болу мерзімін асыру және әкімшілік қадағалаудан жалтару.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 119 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары шетел азаматтарына көші-қон заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауға, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуге шақырады. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, жақын маңдағы көші-қон полициясы бөлімшесіне жүгінуге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды