Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың алғашқы 10 айында өңірге 1 млн 600 мың қонақ келген.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Осылайша Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін танымал бағытқа айналып келе жатыр, — дейді туризм саласына жауаптылар.

"eQonaq" жүйесінің мәліметіне қарасақ, 2024 жылдың 10 айында өңірге 111 мыңнан аса шетелдік аяқ басқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 73%-ға жоғары, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар мұндай өсімді елдің табиғаты мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Соның ішінде Ұлттық парктер аумағындағы тұмса табиғат саяхатшыларды өзіне баурап отыр.

"Іле-Алатау паркіне 790 мың халық келген және Көлсайға 363 мың халық. Шарын ұлттық паркіне 120 мың халық келген. Алдыңғы жылмен есептеп көрсек, екі есеге өсіп отыр туристер саны." Қуанышбек Мейрамбекұлы, Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді