2025 жылғы қаңтардағы демалыс күнін ауыстыру: қазақстандықтар өз нұсқаларын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 21 қарашада Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы қаңтардағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады. Бұған азаматтардың көзқарасы қандай, Zakon.kz материалында.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойған құжатқа сәйкес, демалыс күні 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды.

Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады.

Қазақстандықтар еңбек министрлігінің шешімін сан қилы бағалады. Кейбірі жазбаның астына өз нұсқаларын ұсынды. Жалпылай алсақ, пікір білдіргендердің көбі дерлік демалыстың ұзақтығына наразылығын білдірді.

Дегенмен министрліктің шешімін жақтағандар да табылды.

Әрине, уақыт белдеуін өзгерту туралы пікірлер де табылды.

Сонымен, нақтыласақ.

"Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады", — делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін алдағы демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатындығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі