"Антициклон жүріп, жел екпін алады": 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2024 жылғы 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.

"Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК.

Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.

Шымкентте аспан бұлтт, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.

Бұған дейін синоптиктер 23 қарашада еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты