Алматыда аспалы жолда қалып қойған адамдарды құтқарған сәттің кадры тарады

Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында аспалы жолында кабиналарда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сценарий бойынша демалушылар электр қуатының үзілуіне байланысты, аспалы жолда қалып қойды. 12 метр биіктікте тұрып қалған кабинада төрт адам болған. Туристерді үсік шалып, олар өз бетінше әрекет ете алмады.

"Үш бөлімшенің құтқарушыларына бір сағаттың ішінде бірден үш кабинанының ішінен эвакуациялауды жүргізу сияқты қиын тапсырма берілді. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы оларды қауіпсіз тасымалдау". Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Құтқарушылар қойылған тапсырманы 30 минутта орындап шықты.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, әкімшіліктің 109 "Құтқару қызметі" МКҚК, "Шымбұлақ" ТШК шаңғы патрулі - үш бөлімшенің штатында көптеген адам өмірін құтқарған тәжірибелі альпинист-құтқарушылар қызмет етеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі