Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 қарашада елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ұлытау облысының шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында тұман.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман.

Абай облысының батысында, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болдаы.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде 25 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні - 15 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: