Полиция алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады

Фото: pxhere
Түркістан облысында полиция жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен 300 мың теңгеге жуық айыппұлын төлемеген BMW автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Тексеру барысында жүргізушінің айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты асыру мен алиментті төлемей жүргені белгілі болды.

Одан соң тәртіп сақшылары Toyota автокөлігін тоқтатты.

Полиция планшеті арқылы жүргізушінің жол ережесін бұзғаны бойынша 600 мың теңгеге жуық айыппұлдарды төлемегенін анықтады. Қос автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды