Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Фото: pixabay
Қазақстанда 2024 жылдың 29 қарашасында радио мен теледидар жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескертуді "Қазтелерадио" АҚ жариялады. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

"2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады." "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстандықтарға түсіністік танытқаны үшін алдын ала алғыс білдіріліп, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.

Қараша айының басында Қазақстан телерадио хабарларын тарату қызметін көрсетудің жаңа ережелерін бекіткені белгілі болды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді