Орал қаласында жылы аялдаманың әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Орал қаласында салынып жатқан жылы аялдамалардың бірінің әйнегін сындырған 43 жастағы азамат ұсталды.

Түн ішінде болған бұл оқиға бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды.

Жаңадан салынып жатқан нысанға келтірілген материалдық шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кінәлі тұлғаға 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, түзету жұмыстарына тарту немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу, тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл құқық бұзушылықтың жедел түрде ашылуы – полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі нәтижелі жұмысының айқын көрінісі.

Алайда, қоғамға ортақ игілікке зиян келтіретін мұндай әрекеттердің алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Әрбір азамат тәртіп пен жауапкершілікті сақтап, қоғамдық нысандарға ұқыптылық танытуы тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды