Қостанайда келер жылы кеңестік кезеңдегі 38 тұрғын үй жөндеуден өтеді

Сурет: kstnews.kz
Бүгінде Қостанайда 1 291 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның басым бөлігі — жөндеуді қажет ететін кеңестік кезеңдегі құрылыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews мәліметтері бойынша, 2019-2023 жылдары барлығы 112 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 63 үй күрделі жөндеуден өтсе, 49 нысандағы жұмыстар әлі аяқталмады. Осы мақсатта 4,2 млрд. теңге бөлінді.

2024 жылы Қостанай қаласында жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгеге 56 көпқабатты үй бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.

"2025 жылға болжамды сомасы 2 миллиард теңгеге 38 тұрғын үйде жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның 35-і ағымдағы жөндеумен, үшеуі күрделі жөндеумен қамтылады (Баймағамбетова 162, Баймағамбетова 164, Әл-Фараби 85)", – деді Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғабит Бектабанов.

Бұған дейін Астанада құны бір бөлмелі пәтерге тең қол сағаты ұрланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді