Астанада ер адам темір торларды ұрлап кеткен

Фото: Zakon.kz
Тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Елордалық полицияға жергілікті тұрғын арыз жазды. Ер адамның айтуынша, оның қоймасынан белгісіз біреу 8 дана темір торды ұрлап кеткен.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгеге жуық. Полицейлер төңіректегі аумақтарды және болуы мүмкін куәгерлерді сұрастырды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы ауданы криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, қараусыз қалған қойманы байқаған ұры түнде еркін түрде темір торларды жасырын ұрлаған. Келесі күні таңертең ұрланған мүлікті металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Күдікті ұрлық жасағаны жөнінде өз кінәсін мойындаған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Астана қалалық плиция департаменті сақ болуды және мүлікті сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады. Мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын және ұрлық дабылын орнатып, үй-жайлардың қорғалуын күшейту қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді