Қазақстан мен Қытай арасындағы шетелдік рұқсат бланкілері электронды форматқа ауысты

Фото: Zakon.kz
Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 2024 жылғы 2 желтоқсанда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегінше,осы жылдың басынан бері Қытай тарапымен 190 000 бірлік көлемінде жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді.

"Бұл — рекордтық көрсеткіш",- делінген ақпаратта.

Электронды форматтағы бланкілерді енгізудің негізі Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айында Сиань қаласына жұмыс сапары аясында қол қойылған құжаттан бастау алады. Ал электронды форматқа көшудің нақты уақыты биылғы қыркүйекте орын алған Премьер-министрдің Шанхайға іс-сапары аясында қытайлық әріптесімен кездесу барысында бекітілді.

Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31% — дан (2021) 52% — ға (2023) дейін өсті.

"Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасуды жүзеге асырады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін мәжілісте Су кодексінің жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы