Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды.

Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды. Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды.

Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді.

Сонымен қатар: — прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке;

Бұл операцияның нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің шығуына тосқауыл қойылды.

Сонымен қатар жаңа қатысушыларды, оның ішінде азаматтық тұрғындар арасынан курьерлерді (жасырын қойып кетушілерді) қылмыстық әрекетке тартудың алдын алу мүмкін болды. Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі