Қарағандыда қараусыз ғимараттар көбейіп кетті

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда қаңырап қараусыз қалған ғимараттар мен құрылысы бітпеген нысандары көбейіп барады. Қауіптісі олардың бәрі қаңғыбастардың мекендейтін жеріне айналды. Ал жергілікті билік қаланың бас жоспарын қайта әзірлеп, 3 ірі жобаны қолға алған

"Британ кварталы" атты тұрғын үй кешенінің құрылысы бел ортасына келгенде тоқтады. 100-ден аса отбасы 6 жыл бойы өз ақшаларын ала алмай келеді. Кейбірі зәулім үйге көшеміз деп үйлерін сатып, қазір пәтер жалдап күн көріп жүр.

2020 жылы здача болады деген, содан бері әлі жоқ. Сонда мен осылай қаңғып жүру керекпін бе? 10 миллион ақшамды берсе, кредитімді жауып отырайын. Қашанғы салынатын үй бұл? Зәуреш Әубәкірова, салымшы

Шынымен үй құрылысы қашан аяқталатын әлі де белгісіз. Билік те, құрылыс компаниясы да үнсіз. Ал жергілікті жұрт жиі баратын демалыс орны "Арман" боулинг-клубы да қараусыз қалғалы бірнеше жыл болды. Қазір көше кезген қаңғыбастардың мекеніне айналған.

"Мынандай здания ешқандай жерден табылмайды. Бұрын біз кинотеатрға баратынбыз. Мына жерде тақауда тұрамын. Іші тап-таза, жақсы болатын. Бір күнде быт-шыт болды. Қарасаң жүрек ауырады." Жәкен Жұмаділдә, қала тұрғыны

Қала билігі әзірге ғимараттардың қожайындарын тауып, оларға ескерту жасап, әкімшілік айыппұл салумен шектеліп келеді. Иелері кәдеге жаратпаса, кейін қараусыз қалған нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Екі жыл бұрын өңірге сапары кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспарын қайта жаңғыртуды тапсырған болатын. Сол жұмыстар енді ғана іске аса бастады.

"Қазіргі таңда облыс бойынша 3 ірі бағдарлама жүзеге асып жатыр. Былтырғымен салыстырғанда қаржыландыру 4 есе көбірек бөлінген. Жоспар бойынша 13 млд теңге бөлінді. Оған 1000-ға жуық кезекте тұрған отбасылар үймен қамтылады." Абылай Смағұлов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары

Жаңартылған қала жобасына сай тұрғын үйлерден бөлек, түрлі нысандар бой көтермек. Сонын бірі жабық футбол алаңы. Одан бөлек "Арман" боулинг-клубының орынына жаңа спорт кешені салынбақ.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Видеоңды желіге саламын". Алматыда полицияны бопсалаған блогер қамауға алынды

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Түркістан облысында полицейлер жасырын жерасты цехын анықтады

Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді