Алматыда азық-түлік бағасы бір жылда едәуір өскен

Фото: Zakon.kz
Алматыда азық-түлік бағасы бір жылда едәуір өскен. Әсіресе, күнделікті тұтынатын көкөніс екі есе қымбаттаған.

Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сүйенсек, соңғы бір жылда картоп — 37, пияз — 11, жұмыртқа — 13, қызылша — 22, сүт өнімдері — 8, тұз – 32 пайызға дейін қымбаттады. Ал қызанақ — 65, қияр — 76 пайызға өсті, деп жазады qazaqstan.tv.

Тек сырттан келетін өнім емес, отандық тауарлардың да құны өскен. Экономист Ғалымжан Керімбек бағаны тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартып, жаңа технологияларды енгізу қажет деп отыр.

"Күз басталса жанар-жағармай қымбаттайды, тапшылық қылып қояды. Сөйтіп қолдан жасап отырамыз. Сол кезде көп өнім жиналмай қалып қояды. Шаруа қожалықтарына қолдау жоқ. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 70-80 пайызы шет елден келеді. Біз өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бұл елдің экономикасына кері әсер етеді." Ғалымжан Керімбек, экономист

Иә, экономист тұтыну қорына ең қажетті деген өнімдерді молынан сақтап отыру керек, — дейді. Ал бағаны тұрақтандыруға тиіс құзырлы мекеме тек әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрін қадағалайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік