Журналистер Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Оңтүстік Кореядан кетуге кеңес беріп жатыр ма деп сұрады.
"Оңтүстік Кореядағы біздің елшілік мұндай кеңес бермеді, бұл процесті Қазақстан азаматтары дербес реттейді. Әр азамат белгілі бір елден кету-кетпеуді өзі шешеді.Бұл жерде Оңтүстік Кореяда жүрген азаматтарымыздың бүкіл тобын алып, барлығына өз аумағынан кетуге кеңес береміз дегендей, бұл, әрине, болмайды", — деп жауап берді Әлібек Бақаев.
Сонымен бірге, оның айтуынша, олардың оқиғалардың ошағында екенін ескеру қажет.
"Әрине, біздің азаматтар алаңдауы керек, өйткені олар осы оқиғалардың ошағында.Бірақ, біздің азаматтарға айтарымыз, ең бастысы, біз бұл митингілерге қатысуға және арандатушылық әрекеттерге бармауға тиіспіз.Көші-қон заңнамасын сақтаңыз, біріншіден, осы елдің аумағында болу заңды, екіншіден, осы елдің заңын сақтау керек", — деп кеңес берді Бақаев.
Бұған дейін Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореяда қазіргі таңда бұл елге түрлі мақсатпен келген 30 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар екенін хабарлаған болатын.
3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл елде әскери жағдай жариялады.
Соңғы ақпарат бойынша, Юн Сок Ёл әскери жағдайды алып тастауға келісті.