Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының кезекті күнінде қандай нәтиже көрсетті

Сурет: olympic.kz
Төрт қазақстандық боксшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлықтық біріншілік аясында тағы бір жарыс күні аяқталды. Қазақстандық боксшылар төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті.

Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) малайзиялық Ариф Мұхаммадқа еш мүмкіндік қалдырмады. Қазақстандық қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Әйелдер арасындағы жарыста Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) Филиппин құрамасының спортшысы Офелия Магноны жеңді.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов түрікменстандық Байрамдурды Нурмухамедовпен жекпе-жекте еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Өкінішке қарай, Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстандық қытайлық спортшы Вэньцань Сюйден айласын асыра алмады.

Сондай-ақ, 75 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Алайда қарсыласының жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болды. Осылайша Диас жартылай финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, жартылай финалға шыққан барлық спортшылар ең кемінде, турнирді қола жүлдемен аяқтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады