Семей тұрғыны жолдағы шұңқыр үшін әкімдікті сотқа берді

Фото: Zakon.kz
Семей қалалық соты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жолдағы шұңқырдан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген зиянды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 4 желтоқсанда соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға жолда пайда болған шұңқырға соқтығысу салдарынан орын алған. 9 сантиметрлік жол тегіссіздігі (шұңқыр) кәріз жүйесінің айналасында пайда болғаны анықталған.

ТКШ бөлімінің басшысына қатысты (ӘҚБтК 631-бабының 2-бөлігі) автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін жауапқа тарту туралы қаулы (51 мың теңге айыппұл) жойылды.

Семей қалалық сот жолды күтіп ұстауға жауапты болып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі екенін анықтап, оны 593 960 теңге шығынды өтеуге, сондай-ақ сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 19-бабы 2) тармағына сай Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылары жауапты болады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады