СҚО-да полиция қызметкерлері вейптің ірі партиясын тәркіледі

Фото: Zakon.kz
СҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы жылдың маусым айынан бастап айналымына тыйым салынған вейп саудасына күдікті 19 жастағы петропавлдықты анықтады.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіледі. Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.

"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін