9 желтоқсанда 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: freepik
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 9 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді..

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді