Астаналық тұрғын төмен пайызбен несие аламын деп алаяққа алданды

Фото: freepik
Елордалық полицияға қала тұрғыны алаяқтық жолмен ақшасынан айырылып қалғаны жөнінде шағымданды.

Күдіктінің "Даму" мемлекеттік бағдарламасы бойынша төмен пайызда кредит рәсімдеуге көмек берем деп сылтауратып, алаяқтық жолмен жәбірленушіден 7 млн теңге ақша алғаны анықталды.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ қаланың екі банкіне кредит беру бойынша сұраным берген. Екі банк те кредитті мақұлдаған, алайда алаяқ бір банктің ақшасын жәбірленушіге беріп, екінші банктің ақшасын өзінде қалдырған.

Кейін банктен келген кредиттің төлемін көрген жәбірленуші полицияға жүгінеді. "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу шарасының барысында Сарыарқа ауданы ПБ-ның қызметкерлері елорда тұрғынының сенімін пайдаланып, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 37 жастағы әйел адамды анықтап, ұстады.

Күдіктінің тағы ұқсас екі эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады