Қазақстандықтар қандай жемістерді жиі тұтынады

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 11 желтоқсанда қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынатындығы жайлы статистиканы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда орта есеппен 29 кг (тоқсанына) құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен (27,5 кг) салыстырғанда 5,4% артық.

Бұл көрсеткіш:

"Жемістердің ішінде 2024 жылдың үшінші тоқсанында қарбыз көп тұтынылды — жан басына шаққанда/тоқсанына 11,3 кг. Екінші және үшінші орындарда алма мен қауын, сәйкесінше 3,7 кг және 2,8 кг",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ тұтыну көлемі бойынша өрік (жан басына шаққанда 1,4 кг/тоқсанына), банан (1,3 кг) және жүзім (1,1 кг) көп болған.

"Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Астана тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 37 кг. Тізім басында сондай-ақ Қызылорда және Жамбыл облыстары да бар, онда бұл көрсеткіш әрқайсысында 36 келіден, жемістерді аз тұтынатындар Маңғыстау (19,7 кг) және Абай облыстарында (16,5 кг)".ҚР Ұлттық статистика бюросы

Бұған дейін халық пікірінше қараша айында қандай азық-түлік қымбаттағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді