Мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО қызмет көрсетеді ме

Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы 12 желтоқсанда мереке күндері ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсан, дүйсенбіде жұмыс істемейді.

Бұл ретте сенбі, 14 желтоқсан кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып табылады. Қызметтерді 9:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Сейсенбі, 17 желтоқсанда еліміздің ХҚКО-лары мен арнайы ХҚКО-лары азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20:00 – ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18.00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20.00 – ге дейін, сенбіде – 13.00-ге дейін жүзеге асырылады", — деп еске салды Мемлекеттік корпорация.

Бұған дейін Алматыда желтоқсаннан бастап төрт кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істейтіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды